600-ге жуық қазақстандықтан коронавирустың ауыр түрі анықталды

21 Қыркүйек 2023, 17:12
1208
Бөлісу:
600-ге жуық қазақстандықтан коронавирустың ауыр түрі анықталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы ҚР ДСМ Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова елордада өтіп жатқан респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 4 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Жыл басынан бері 8 айдың ішінде коронавируспен ауру деңгейі 8,9 есеге төмендеді. Қазіргі уақытта бұл диагноз негізінен зертханалық талдаулар нәтижесіне сәйкес қойылады. Зертханалық тексеру кезінде клиникалық сипаты ауыр жағдайлар өте аз. Жыл басынан бері ондай жағдайдың 564 дерегі тіркелді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол коронавирусқа қатысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан зерттеу шаралары тоқтаған жоқ деп отыр.

Коронавирусқа байланысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан біз вирус штамдарының мутациясын зерттеуді тоқтатқан жоқпыз. Ал елде жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы иммундау шаралары қолға алынады. Екпе егу қазанның бірінен басталады, - деді Роза Қожапова.

Еске сала кетейік, бұған дейін эпидемиолог Мейірім Сұлтанова биыл елімізде эпиджағдай күрделі болуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы