600-ден астам алматылық қоғамдық жұмысқа қабылданды

21 Тамыз 2020, 21:49
1188
Бөлісу:
600-ден астам алматылық қоғамдық жұмысқа қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, халықты жұмыспен қамтуды кеңейту үшін біршама шара іске асырылуда. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Осылайша, Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың Мемлекеттік қоры мен барлық аудандардың жастар ресурстық орталықтары, "Жастар тәжірибесі" бағдарламасын ақпараттандыру,  түсіндіру жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізуде. Осы бағдарлама бойынша,  жас мамандар мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін ала алады.  Сондай-ақ еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.
 
Жалпы, "Еңбек" мемлекеттік жұмыспен қамту  бағдарламасы аясында, жастарды жұмысқа орналастыру түрлі жолдар арқылы жүзеге асырылады. Біріншісі, ауқымды ақпараттық-түсіндіру және қоғамдық жұмыстар. Шілде айынан бастап 609 адам қоғамдық жұмыстар мен ақылы жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылды. Екіншіден, нақты  аудиторияға қоңырау шалу жүзеге асырылады. Атап айтқанда, аталған ақпараттық-түсіндіру жұмысымен Алматы қаласының ЖОО-ның деректер базасына сәйкес, 7193 түлек қамтылды. Бүгінгі таңда 4798 түлек қоңырау шалды.  Оның ішінде 364 түлек жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар бағдарламаларына қатысуға қызығушылық танытты. Үшіншісі, осы жылдың18 тамызынан бастап, барлық аудандарда жылжымалы мобильді ресурстық орталықтардың жұмысы басталды, – делінген хабарламада.

Бұл жастарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету алаңдар болып табылады. Жұмысқа орналасқысы келетіндер өз ауданының Мобильді ресурстық орталықтарында кеңес алады және жастар ресурстық орталықтарының белсенділері берген сауалнамалар арқылы жұмысқа өтініш береді. Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері "Жастар тәжірибесі" және "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламалары бойынша түсіндіру әңгімелерін өткізеді. Тұрғындарға "Бос жұмыс орындары бюллетендері" таратылады. Сондай-ақ,  жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары мен  сауалнамаларды таратады.

Жастар ресурстық орталықтарының мамандары жылжымалы топтардың 8 нүктесінде,  жалпы 8000 адамға  түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 1023 адам сауалнамадан өтті. Оның ішінде 277 адам қоғамдық жұмыстарға, 312 адам жастар практикасына, 434 адам тұрақты  жұмысқа орналасуға қызығушылық танытты.
 
Естеріңізге сала кетейік, жылжымалы мобильді орталықтар 23 тамызға дейін келесі мекен-жайлар бойынша жұмыс істейді:

- Алатау ауданы-Нұркент ықшам ауданы, Атлетикалық ауыл, 18 блок;
- Алмалы ауданы-Арбат жаяу жүргіншілер көшесі, Жібек Жолы-Панфилов көшесі;
- Әуезов ауданы-Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысы;
- Бостандық ауданы-Атакент көрме павильоны;
- Жетісу ауданы - "Ялян" базары»;
- Наурызбай ауданы-Қалқаман шағын ауданы, № 7 аурухана;
- Медеу ауданы - "Көк базар" әмбебап базары»;
- Түрксіб ауданы-Шолохов көшесі 2 үй/1, "Алматы 1"базары.
Өзгелердің жаңалығы