"60-70-тегі апалар отырады". Зайытов мектептегі күзетшілерге қатысты ұсыныс айтты

3 Маусым 2023, 16:00
3920
Бөлісу:
"60-70-тегі апалар отырады". Зайытов мектептегі күзетшілерге қатысты ұсыныс айтты
Фото: Арман Мухатов архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов балабақшалар мен мектептердегі күзет қызметін мемлекеттік сатып алудан алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балабақшалар мен мектептерде күзет қызметін мемлекеттік тапсырысқа беруді алып тастасақ. Осы ұсынысты қарастырыңыздаршы. Оны қалай істеуге болады? Бәріміздің балаларымыз бар. Қазір мектепте тендерді ұтып алады да, күзетте 60-70 жастағы апалар отырады. Олардың мектепте қандай да бір қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын шамалары жоқ, - деді Зайытов.

Депутат «Атамекен» сайтында Қазақстанда өндірілетін тауарлар және өндірілетін тауарлардың тізімін жасауға ұсыныс айтты.

Қазақстанда шығатын зат пен шықпайтын затты есептеу үшін көп нәрсе керек емес шығар?! Біз кім не шығарып жатқанын білмейтін 1,5 млрд халқы бар Қытай емеспіз ғой. Бізде «свет» шықпайды. Оны дәлелдеу үшін де жинайтын анықтама көп екен. Одан өтіп көрдім. Мың анықтама жинайсың. «Атамекен» «білмейміз, білмейміз» деп түк білмегенсіп отырады. Мысалы, бізде лампа, микрофондар шығарылмайды. Оны дәлелдейтін несі бар? Түсінбеймін, - деп айтты Ринат Зайытов.

Мәжіліс депутаты салалық сұрақтарды шешудің маңызды екенін айтты.

Зайытов мемлекеттік сатып алудағы ең үлкен мәселені атады.

Мемлекеттік сатып алудың ең үлкен проблемасы – бұл делдалдар. Тендерді ұтып алады да, қаржының 10 пайызын алып, «бұл жұмысты біз білмейміз, өздерің істей беріңдер» дейді, - деп айтты депутат.

Айта кетейік, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің әлеуметтік салада мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы