6 жылға сотталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Судьяның шешімі әділ емес. 6 жыл деген өте көп уақыт. Әрине, 15 тәуліктің ішінде аппеляциялық шағым жолдаймыз. Ол(Карина) жұмыс істемей 1400 доллар, яғни 730 мың теңге алып тұрды. Ешқандай материалдық тәуелді болған жоқ, - дейді ағасы.
Журналистер Нұржан Мамашқа "балалармен сөйлесесіздер ме?" деп сауал қойды.
Балалармен мүлдем сөйлейпейміз. Ол мүлдем рұқсат бермейді. Рұқсат тек әкесіне бар, ал ол отыр. Қалай сөйлеседі? Оған сөйлесуге талпынсаң, қорқытты дейді. Балаңның болашағын ойласай, Сәкен көмектеседі ғой" деп WhatsAPp желісіне жазған ем, алайда ол (Карина)сотта маған қорқытты деп айтып отырды. Қай жерден қауіп көріп тұрсыздар?, - дейді ол.
Сондай-ақ Астана қаласы “Есіл” ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Жәңгір Сәдуақас Сәкен Мамаштың қашан аппеляцияға бере алатынын айтты.
Үкіммен келіспеген жағдайда, бірінші оған сот үкімінің түпнұсқасы табысталады. Сол табысталған күннен бастап, 15 тәуліктің ішінде Сәкен Мамаш аппеляциялық шағым жолдауға құқығы бар, - деп түсіндірді ол.
Еске салайық, бүгін Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Бұл кек емес, бұл – әділдік": Сәкен Мамаштың экс-жұбайы соттан кейін үн қатты.
2025 жылғы наурыз айының басында іс сотқа жолданып, сәуірде Мамаш қамауға алынды.
Еске салайық, 10 маусымда әйелін жылдар бойы ұрып келген деп кінәланған экс-дипломаттың соты басталғанын жазған едік.