Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қызметтен қашан кететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист брифингте "үкіметте 6 жылдай жұмыс істейсіз, қателеспесем. Алдағы жоспарыңызбен бөлісе аласыз ба, қызметіңізді босатуыңыз мүмкін бе?" деп сауал қойды.
Роман Скляр қысқа жауап қайтарды.
Басшылығым жұмысыма сенгенше, одан әрі жалғастыра беремін, - дейді Скляр.