6 жасар баланы мектепке дейінгі ұйымнан шығарып тастай ала ма? Министрлік жауап берді

6 Желтоқсан 2022, 16:48
771
Бөлісу:
6 жасар баланы мектепке дейінгі ұйымнан шығарып тастай ала ма? Министрлік жауап берді

6 жасқа толған баланы мектепке дейінгі ұйымдардан шығару туралы ешқандай заңнамалық норма жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты.

Нормативтік құқықтық актілерде, мысалы, бала қаңтарда немесе ақпанда 6 жасқа толса, оны  мектепке дейінгі ұйымнан шығаруға болмайтыны туралы норма анық және нақты бекітілген. Бұл жағдайда бала 6 жасқа толғанына қарамастан, ол мектепке дейінгі ұйымға тамыз айына дейін, яғни тиісті бағдарламаны игергенге дейін бара алады, содан кейін бала 1-сыныпқа қабылданады.

Бұған дейін бұл мәселе білім басқармаларында өткен жиында бөлек қаралып, бақылауға алынған болатын. Қандай да бір сұрақтар туындаса, министрлік қажетті түсініктемелерді беруге дайын, айтылған ақпаратты мұқият тексеруді сұраймыз, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы