6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

6 Қаңтар 2020, 08:06
2620
Бөлісу:
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, елдің кей бөлігінде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді. Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.




Өзгелердің жаңалығы