Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды.
Қазіргі таңда "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгеге жол жүру құжаттары тапсырылды. 12-26 наурыз аралығында Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін қайтарып алды, - делінген хабарламада.
Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы хабарландыру көрсетіледі. Сондай-ақ, темір жол қызметкерлері жолаушыларға билет кассаларының жанында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы әңгіме өткізеді.
Жолаушылар поездарында жолсеріктер міндетті түрде жолаушылардың денсаулық жағдайын нақтылайды, қатаң кесте бойынша вагондарда жинау жүргізіледі және дезинфикация ережелері сақталады.