56 млрд теңге. Батыс Қазақстандағы жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр

17 Мамыр 2022, 12:02
1234
Бөлісу:
56 млрд теңге. Батыс Қазақстандағы жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды қалыпқа келтіруге ерекше назар аударылады. 2020 жылдан бастап жалпы ұзындығы 248 шақырым болатын «Қазталовка – Жәнібек – Ресей Федерациясы шекарасы» және «Өнеге-Бейсен-Сайқын» автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бюджеті 56 млрд теңгені құрайды. Биылғы жылға дейін оның .   23 млрд теңгесі игерілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол жобаны іске асыру басталғаннан бері жұмыстар 55 шақырымда аяқталды деп отыр. 

Биылға 15 млрд теңге бөлінген. Оның есебінен тағы 119 шақырым автожолда қозғалыс ашу жоспарлануда. Осылайша, барлығы 174 шақырым жаңа жабын бойынша қозғалыс қамтамасыз етілетін болады. Жұмыстарды толығымен аяқтау 2023 жылы жоспарланған, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 85 млрд теңге қарастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы