55 жастағы Бурунди елінің президенті қайтыс болды

10 Маусым 2020, 10:21
1483
Бөлісу:
55 жастағы Бурунди елінің президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Африкадағы Бурунди елінің президенті Пьер Нкурунзиза 55 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ел үкіметі Twitter-де хабарлады, деп жазады korrespondent.net.

Бурунди Республикасының үкіметі Бурунди Республикасының президенті Пьер Нкурунзизаның кенеттен қайтыс болғаны туралы қайғырып хабарлайды, делінген хабарламада.

Президент өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болған. Саясаткер 8 маусымда қайтыс болды. Сенбі күні өзін нашар сезінген ол ауруханаға жатқызылады. Ауруханада жағдайы жақсарған, бірақ дүйсенбі күні президенттің жүрегі тоқтап қалып, дәрігерлер жүректі қайта іске қосуға тырысқанымен, бұл әрекеттері сәтсіз болған.

2005 жылдың тамыз айынан бастап Бурунди президенті болған Нкурунзиза жаздың соңында қызметінен кетуі керек еді. 2020 жылдың мамыр айында сайлауда Нкурунзиза қолдаған Эварист Ндайишимийе жеңіске жетті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тунис президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы