50-ден астам ҚАЖ қызметкері марапатталды

1 Желтоқсан 2021, 14:37
875
Бөлісу:
50-ден астам ҚАЖ қызметкері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күнін салтанатты түрде атап өтті. 

Салтанатты жиынды ашқан Департамент бастығы әділет полковнигі Д. Қанатбеков Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ елінің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріне қосқан үлесін, баға жетпес еңбегін атап өтті.

1 желтоқсан ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алған ерекше күн. 1991 жылдың 1 желтоқсанында  бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланған болатын.  Қазақ халқы өэінің Тұңғыш Президентінің бастамасымен саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырды.  Тұңғыш Президенттің жанкешті еңбегінің арқасында республикамыздың шекарасы нақтыланып, Қазақстанның Қарулы күштері құрылды. Елді рухани жаңғырту бағытында да қыруар еңбек етті. Міне Елбасының  мемлекет алдындағы еңбегін насихаттау мақсатында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып бекітілді. Барлықтарыңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, мемлекетіміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін,-деді әділет полковнигі Д.Қанатбеков.

Салтанатты жиында 50-ден  астам қызметкер марапатталды. Олардың ішінде ЛА-155/13 мекемесінің бақылаушысы Биғали Сейдіғапаровқа мерзімінен бұрын әділет аға сержанты арнаулы атағы берілсе, Алматы қаласы Пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі М.Закирбаев «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және ЛА–155/6 мекемесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ж. Шүкіров «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі»   төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ 19 қызметкерге ҚАЖД атынан «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі табысталды. Мерейлі мереке күні 35 қызметкерге Департамент бастығының атынан Алғыс хат тапсырылып, алғыс жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы