Елордада үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды. 350 үлескер «Атамари» тұрғын үйінде қоныс тойын атап өтті. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы хабарлады.
2020 жылы азаматтар болашақ тұрғын үйге ақшалай қаражат салды және 5 жылдан астам уақыт бойы құрылыс салушы өзіне алған міндеттемелерін орындамады.
Прокуратура 350 үлескердің мүддесі үшін талап арызын енгізді және аяқталмаған құрылыс объектісі жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілді.
Нәтижесінде «Атамари» тұрғын үйі аяқталды және үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды. Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап соттар 3,9 млрд теңге сомасына 277 үлескердің мүддесі үшін прокурорлардың 11 талап-арызын қанағаттандырды, - деп хабарлады қалалық прокуратура.
Үлестік құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсаттың бар-жоғын мына сілтеме бойынша өтіп, тексеруге шақырады.