5 ұрлыққа қатысы бар бойжеткен анықталды

9 Қаңтар 2021, 05:11
1738
Бөлісу:
5 ұрлыққа қатысы бар бойжеткен анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Панфилов ауданының полицейлері ұры әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданының полицейлеріне арызданған Жаркент қаласындағы жеке дүкен иелері белгісіз біреудің сөредегі заттарды байқатпай ұрлап кеткенін айтқан. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар күдікті әйел ұсталды. Оның еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін сотталмаған жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде 22 жастағы бойжеткеннің бес ұрлық дерегіне қатысы бар екені әшкере болды. Тергеу жалғасуда, – деді Панфилов ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Жандос Кавлиев.
Полицейлер ұсталған күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Жеңіл олжа көздеген ол дүкендерден жеке гигиена заттары және шұлықтар сияқты ұсақ-түйекті қолды қылған.
Өзгелердің жаңалығы