5 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады?

5 Шілде 2023, 08:45
748
Бөлісу:
5 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады?
Фото: архив

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайды, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, шығысында және орталықта бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +27+29°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.

Өзгелердің жаңалығы