5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 дәмхана. Карантин ережесін бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынған

18 Тамыз 2020, 16:22
2627
Бөлісу:
5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 дәмхана. Карантин ережесін бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режимінің сақталуына қатысты өткен онлайн брифингте айтты. 

Карантин режимін сақтауды бақылау мақсатында арнайы мониторинг тобы құрылған болатын. Бірлескен топ жүргізген іс-шаралар нәтижесінде осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 126-сы заңды тұлғалар. Тәжірибе көрсеткендей, карантинді кейбір азамат сақтамайды. Азаматтар той тойлайды, клубтарға барады, кальян шегеді, - деді ол. 

Таймерденов айтқандай, осындай рейд кезінде бірқатар заңсыз істеген нысандар анықталды. 

5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі және 7 караоке клуб анықталып, олардың иелеріне қатысты әкімшілік кодекс бойынша 236 айлық есептік көрсеткіш ретінде 39 млн теңге айыппұл салынды, - деді ол. 

Сондай-ақ, Таймерденов Армениядан келетін көліктерге қатысты мәселені көтерді. 

2019 жылы азаматтар Алматы қаласының аумағына Армениядан 501 автокөлік әкелінгенін айтты.14 тамыз 2020 жылғы жағдай бойынша 165 көлік қалды. ПД Call-орталығының қызметкерлері Армениядан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеу шарттары туралы хабардар ету үшін көлік иелеріне қосымша қоңыраулар жасайды. Естеріңізге сала кетейік, бұл науқан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы