Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстікте, батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с құрайды, солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 25 м/с жетеді.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында,
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады, түнде өңірдің солтүстік-батысында жел 15-20 м/с артады.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болжанады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.