5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

5 Қаңтар 2020, 09:16
2721
Бөлісу:
5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 қаңтарда Қазақстанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.

Қазақстан территориясында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашын жауады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысыңда қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, - делінген хабарламада.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде - бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерінде тұман күтіледі. 

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Күндіз Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы