5 күнде 6 мыңға жуық ресейлік біздің әуежайлардан ұшып шықты

26 Қыркүйек 2022, 11:46
950
Бөлісу:
5 күнде 6 мыңға жуық ресейлік біздің әуежайлардан ұшып шықты

Бұл ақпаратты онлайн-брифингте Ішкі істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мыңдаған адам Қазақстан арқылы біздің оңтүстік шекараларымыздан Қырғызстан мен Өзбекстанға аттанды. 5 күнде 6 мыңға жуық ресейлік біздің әуежайлар арқылы ұшып шықты, - деді ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Ол сондай-ақ келген ресейліктерден заң бұзу фактілері тіркелмегенін және көші-қон процестері бақылауда екенін айтты. 

Көші-қон бақылауына келетін болсақ, заңнама шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібін реттейді. Олардың есебі жүргізіледі, болу мерзімі бақыланады. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға көзделген ден қою шаралары қабылданады. Келіп жатқан Ресей азаматтарынан ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеген, - деді ол. 

Сонымен қатар, Аталықов шетел азаматтарының басым бөлігі Қазақстанға автомобиль пунктері арқылы келетінін атады. 

Айта кету керек, шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерінің сақталуын бақылау уақытша тұруға берілетін рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ уақытша тұруға рұқсат алған кезде шетелдіктің тұрғылықты мекенжайы, тұрғын үй иесі және онда тұратын шетелдіктер туралы толық ақпарат көші-қон қызметінде болады.

Өзгелердің жаңалығы