5 қарашаға арналған ауа райы

5 Қараша 2020, 06:24
1707
Бөлісу:
5 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қарашаның 5-і күнгі ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. 

Тек еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерде жауын-шашын болып, бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады. 

Павлодар облысының кей жерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйтқиды, көктайғақ болады. 

Ақмола, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал. 

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Өзгелердің жаңалығы