Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Тек оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты түнде және таңертең жауын жауады. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл болады деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде тұман, Қызылорда облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.