Нұр-Сұлтандық жастарға берілген пәтердің кілті қашан табысталады

20 Желтоқсан 2019, 11:01
3580
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық жастарға берілген пәтердің кілті қашан табысталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша оң шешім шығарылған азаматтарға 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап пәтердің кілттерді беріле бастайды. Бұл туралы Тұрғын үй қорының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша сертификат алғандар үшін қазіргі уақытта үйге құжаттар мен жалға алу келісім-шарттары дайындалуда. 

Пәтер кілттерін беру және орналастыру кестеге сәйкес 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жоспарланған. Қосымша кілттерді беру орны мен уақыты туралы смс-хабарлама жіберіледі. Үй дайын, бірақ әрбір пәтерді болашақта шағым қоюды болдырмау үшін маманға өтініш берушімен бірге қарау керек болғандықтан физикалық тұрғыдан барлығын бір күнде бір мезгілде қоныстандыру мүмкін емес болғандықтан, кілттерді беру кестеге сәйкес күндер бойынша бөлінген, - делінген хабарламада. 

Әрбір өтініш берушінің кілттерін беру кестесі жақын арада осы сайтта жарияланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы