Қазақстанның соңғы жаңалықтары

48 адам қаза тапқан әуе апаты: Ғажайыптың арқасында әже аман қалды

25 Шілде 2025, 18:23
4959
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

55 жастағы Марина Авалян бейсенбі күні апатқа ұшыраған ресейлік жолаушылар ұшағына тіркеліп, жүгін де тапсырған. Алайда ұшар сәтте қызы қоңырау шалып, немересінің кенеттен сырқаттанып қалғанын айтқан. Сол сәтте ол сапардан бас тартып, ол рейспен ұшпай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.

Кеше Aн-24 маркалы ұшақ Ресейдің Қиыр Шығысында қонуға әрекет жасаған кезде апатқа ұшырап, борттағы 48 адамның барлығы көз жұмды.

Марина Авалян бұл рейспен Благовещенск қаласынан Тындадағы үйіне қайтуы тиіс болған.

Ұшақ ұшуын күтіп тұрған сәтте оған қызы хабарласып, немересінің жүрегі айнып, іші ауырғанын айтқан. Баланың әкесі үлкен қызын жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткендіктен, әжеден кішкентай немересіне қарауын өтінген.

Тында қаласындағы жауын-шашынға байланысты рейс біраз кешіккен. Сол кезде Марина жүгін қайтарып алып, әуежайдан шығып үлгереді.

Қызының үйіне жеткенде, немересінің жағдайы біршама жақсарған еді. Дәл сол сәтте ол әуе апаты туралы хабарды естіген.

Ол ұшақтан түсіп, жүгін алып, үйге қайтты, – дейді туыстары. 

Отбасы бұл оқиғаны нағыз "ғажайып" деп бағалап отыр.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ Тында қаласына қона алмай, екінші рет қонуға әрекет жасаған кезде апатқа ұшыраған. 

Апат құрбандарының 42-сі жолаушы, алтауы – экипаж мүшелері. Қаза болғандардың арасында бес бала бар. 

Бұған дейін Ресейде жолаушылары бар ұшақ құлап, қалдықтары жанып жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы