45 мемлекет маржан рифтерін қорғауға қаражат жинайды

4 Қазан 2023, 15:29
543
Бөлісу:
45 мемлекет маржан рифтерін қорғауға қаражат жинайды

Әлемнің 45 мемлекеті бірлесіп, маржан рифтерін қорғау үшін 12 миллиард доллар жинамақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл қаражат теңіз әлеміндегі биоәртүрлілікті сақтауға және қолдауға бағытталған. Маржан рифтері – теңіз фаунасының төрттен бір түрінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін экожүйе. 

Халықаралық Маржан рифі бастамасы 1994 жылы құрылған. Оның құрамына 45 ел мүше. Климаттық өзгерістерге байланысты қазір теңіз экожүйесіне демеу ауадай қажет. Сондықтан ұйым мемлекеттік және жеке инвестициялар керек деп мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы