"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жасап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ыстық ауа райы +44°С-қа дейін және өрт қаупі – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында;
Тұман – Астана, СҚО, Ақмола, Павлодар, Абай облыстарында;
Найзағай және жел 28 м/с дейін – Алматы, БҚО, Ақтөбе, ШҚО, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында;
Шаңды дауыл – Қызылорда, Түркістан облыстарында;
Төтенше өрт қаупі – еліміздің көптеген өңірлерінде күтіледі.
Дауылды ескертулер қай өңірлерде сақталады?
2-7 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
2-9 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
2-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
2-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.