43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

12 Желтоқсан 2020, 09:04
1292
Бөлісу:
43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 12 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 138 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 926 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 3 999 науқас жатыр. 9 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 225 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43773, 463 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31364 жетті.

Өзгелердің жаңалығы