43 градус. 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

26 Маусым 2024, 22:50
5722
Бөлісу:
43 градус. 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

27 маусымда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда найзағай ойнайды деп күтіледі. Өрт қаупі жоғары болады.

Күндіз Ұлытау облысында аптап ыстық болады: +35...+38 °C. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз қатты ыстық болады: +36...+38 °C.

Атырау облысының шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың шығысында түнде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысында аптап ыстық болады: +35 °C , облыстың оңтүстігінде сынап бағаны 38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз қатты ыстық болады: +35 °C.

Алматы облысының таулы аудандарында аракідік найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +35...+39 °C. Алматыда күндіз сынап бағаны 36 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығысқа солтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, облыстың орталығында, батысында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық болады: +40...+42 °C. Қызылордада күндіз аптап ыстық болады: +40...+42 °C .

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Семейде сынап бағаны 37 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. Өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыста аптап ыстық сақталады: +35...+39 °C. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады: +37...+39 °C.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз батыста, солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық сақталады: +37 °C. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысында аптап ыстық сақталады: +40...+43°C. Шымкентте күндіз қатты ыстық болады: +40...+41 °C. Түркістанда күндіз қатты ыстық болады: +41...+43 °C.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы