42 500 теңге. Сотталушылар да алады

30 Сәуір 2020, 14:18
1474
Бөлісу:
42 500 теңге. Сотталушылар да алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жұмыссыз қалған 124 сотталушыға 42 500 теңге алуға өтінім рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмыстан айырылған сотталушылар пробация қызметінің инспекторларына жүгінген. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен оларға жәрдемақы рәсімделген.

42 500 жәрдемақы түріндегі көмек ауылдық жерлерде тұратын сотталғандарға да тағайындалды. Солардың үшеуі Успен ауданында.
Айта кеткен жөн, пробация қызметінің негізгі міндеті сотталушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады. Бұл өз кезегінде бұрынғы қамаудағылар арасындағы қылмыстың алдын алуға оң әсер етеді.
Өзгелердің жаңалығы