42 500 теңге. 60 мыңнан астам тұрғын алды

23 Сәуір 2020, 10:42
1553
Бөлісу:
42 500 теңге. 60 мыңнан астам тұрғын алды
Президенттік қолдау

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласының 60 мыңнан астам тұрғыны Президенттік қолдау арқылы 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алды.

Олардың барлығы төтенше жағдай кезінде тұрақты кірісінен айырылған азаматтардың қатарынан.

Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының хабарлауынша, шаһар тұрғындарынан түскен 34 мың өтініш белгілі бір себептерге байланысты қабылданбады. Ал 600-ден астам тұрғынға материалдық көмек алу өтініші мақұлданған жоқ. 

Жауапты мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Лариса Кузьменкованың айтуынша, бүгінгі таңда материалдық көмек алу бойынша өтініштер көкптеп түсіп жатыр. Соңғы күндері мамандарға мыңдаған қоңырау түскен.

Тұрғындар тарапынан түсетін сұрақтардың қарасы қалың. Жауапты министрлікте нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, ережелер бекітілуі тиіс. Кейін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты ақпарат  береміз, - дейді Лариса Кузьменкова.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда облыс тұрғындарының өтініштерін қабылдау мақсатында шұғыл әрекет ету орталығы ашылды. Өңір тұрғындары 1300 бірыңғай номеріне кез келген сұрақтары бойынша хабарласа алады. Бұл іске сала мамандары тартылған.
Өзгелердің жаңалығы