41 жастағы келіншек 17-сәбиін дүниеге әкелді

16 Тамыз 2020, 16:13
2099
Бөлісу:
41 жастағы келіншек 17-сәбиін дүниеге әкелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада 41 жастағы әйел өзінің 17-сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы "РБК Украина" хабарлады.

 
Жаңа туған қызға Лиана деген есім қойған.
Жалпы, Галина Матюк ана атанбас бұрын өзі де көп балалы отбасында өскен. Ол үйіндегі жеті баланың кенжесі. Ал күйеуі Виктор үш ағайынды. Сондықтан, ерлі-зайыптылар 1997 жылы үйленген кезде арада 20 жыл өткенде Любешевский ауданындағы ең үлкен отбасы болады деп ойламаған, - деп жазады "Твой выбор" газеті.
 
Мен бірінші баламызды 19 жасымда дүниеге әкелдім. Содан кейін 1-1,5 жыл сайын отбасымыздың қатары көбейіп отырды.  Менің ең үлкен балаларым қазірдің өзінде 22 және 21 жаста.  Ең кішісі екі жарым жаста еді.  Енді Құдай 17-баланы берді, - деді Галина.
 

Оның айтуынша, алғашқы да балалары кішкентай болғанда, бір-біріне қарайласа алмады. Оның үстіне, отбасы өз үйін жаңа ғана салып жатқан болатын. Кейіннен балалары өсіп әрі қол еңбегін ішінара технологиялар алмастырған кезде барлығы жеңілдей түсті.


Өзгелердің жаңалығы