41 мыңнан астам оқ-дәріні заңсыз айналымнан алынды – ІІМ

30 Маусым 2022, 17:34
1472
Бөлісу:
41 мыңнан астам оқ-дәріні заңсыз айналымнан алынды – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен рифингте айтты. 

Ұрланған қарудың ауқымды саны әлі де заңсыз айналымда (барлығы 2113 бірлік). Оның ішінде азаматтық қарудың 1300 бірлігі мен 813 табельді қару. Ішкі істер органдары елімізде заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қаңтар оқиғаларының барысында зардап шеккен азаматтарға зиянның өтелуін қамтамасыз ету бойынша барлық күш жұмсалып жатыр, - деді Санжар Әділов. 

Ол азаматтарды қаңтар оқиғаларына қатысты кез келген ақпаратты ішкі істер органдарына хабарлауға, ал қаруды тапқан жағдайда оны ерікті түрде тапсыруға тағы да шақырды. 

Бүгінгі таңда қарудың 1640 бірлігі мен 41 мыңнан астам оқ-дәрі анықталып, заңсыз айналымнан алынды, - деді ол. 

Оның ішінде: 

- 10 граната атқыш; 

- 6 оқ атқыш;

- 164 автомат;

- 362 тапанша;

- 235 жарақаттайтын және газды қару;

- 78 суық қару.

Тек өткен 2 апта ішінде қарудың 50-ден астам бірлігі алынды, - деді Әділов. 

Өзгелердің жаңалығы