400-ге жуық туроператордың Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар

28 Сәуір 2023, 13:40
800
Бөлісу:
400-ге жуық туроператордың Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Мемлекеттік электрондық тізілімнің деректеріне сәйкес қазір туроператорлық қызметпен айналысуға 380 лицензия берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Егер оларды жіктейтін болсақ, онда шығу туризмі саласында 34 лицензия, ішкі, кіру және шығу туризмі саласында – 34, ал ішкі, кіру туризмі саласында – 312 лицензия белсенді.

Бұған дейін мемлекеттік тізілімде қағаз және электрондық форматтағы лицензиясы бар 1240 туроператор болған. Олардың көпшілігі жұмысын тоқтатқан, бірақ тізілімде қалған. Қазіргі заңнамаға сәйкес келмейтін құжаттарды лицензиаттардың өздері немесе жергілікті атқарушы органдар тоқтатты.

Мемлекеттік тізілімді жаңарту бағытында үлкен жұмыс атқарылды, туроператорлардың өздері де қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіп келеді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы мәселесі басты назарда. Барлық лицензиаттар үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды, - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Өзгелердің жаңалығы