400-ден астам жүргізуші сұйық қалдықтарды заңсыз төккен

Бүгiн, 01:18
139
Бөлісу:
400-ден астам жүргізуші сұйық қалдықтарды заңсыз төккен
Фото: polisia.kz

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері қоршаған ортаның және ортақ пайдаланылатын орындардың ластану фактілерін анықтау бойынша күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция басталғаннан бері осы салада барлығы 300 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.

Өкінішке қарай, кейбір азаматтар мен ұйымдар абаттандыру ережелерін елемейді, қоқыс пен қалдықтарды қалдыру мәселесіне бейжай қарайды.

Мысалы, елордалық үйлердің бірінің іргелес аумағында құрылыс қоқыстарын тастап, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылды. Жұртшылықпен бірге сұйық қалдықтарды рұқсатсыз төгу және қоқыстарды заңсыз шығару фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдың сәуір айынан бастап, яғни акция басталғаннан бері 400-ден астам жүк және ассенизаторлық көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Мұндай құқық бұзушылықтар дрондар мен бейнебақылау камераларының көмегімен де тіркеледі.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы