40-шы Балқан математикалық олимпиадасында оқушылар 6 медаль жеңіп алды

15 Мамыр 2023, 17:04
570
Бөлісу:
40-шы Балқан математикалық олимпиадасында оқушылар 6 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтіп, Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысқан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан барған 6 оқушы да медальға ие болды.

Олар:
• Байшуак Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;
• Юркевич Мирон - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
• Жан Даутов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел– Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;
• Нағашыбек Мухаммед – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
• Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін мүмкіндіктер жасау. Сондай-ақ Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.

Өзгелердің жаңалығы