40 мыңға жуық педагог кәсіби біліктілігін арттырды

15 Қыркүйек 2023, 13:07
541
Бөлісу:
40 мыңға жуық педагог кәсіби біліктілігін арттырды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тегін курстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінге дейін бұл курстардан елімізде 40 мыңға жуық педагог өтті. Естеріңізге сала кетейік, курстар биылғы жылдың тамыз айында басталды. Курс бағдарламаларын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеп, өткізеді. 

Орталық осы жылы 55 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр. 

Өрлеу орталығы бір айда 300-ден астам курс өткізді және оған 8 мыңнан аса мұғалім қатысты. Бүгінде 3 мың педагог әлі де оқып жатыр, олар курстардың қорытындысы бойынша тест тапсырады. Айта кету керек, кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар саны жыл санап артып келеді. Мұндай курстар педагогтердің жұмысының сапасына, білім беру сапасына және жалпы оқушылардың білім деңгейін де айтарлықтай арттыруға ықпал етеді, - деп атап өтті «Өрлеу» БАҰО» АҚ төрағасы Еламан Айбулдинов. 

Өзгелердің жаңалығы