Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, қазіргі уақытта елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд доллардан асқан.
Бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесіне айналды. Атап айтқанда, тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд доллардан асып отыр. 2022 жылдың 9 айында Еуропалық инвестициялар ағыны 10 пайызға өсіп, 8 млрд долларға жеткен, - деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар ол Еуропалық одақтың үлесіне республикамыздың сыртқы саудасының қанша пайызы тиесілі екендігіне тоқталды.
Еуропалық одақтың үлесіне Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30 пайызы тиесілі. 2022 жылы тауар айналымының көлемі 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6%-ға асып, 40 млрд долларды құрады. Бұл Ұлыбритания ЕО құрамынан шыққаннан бергі рекордтық көрсеткіші. Қарқынды өсу биылғы жылы да жалғасуда, - деді ведомство өкілі.