40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды

24 Маусым 2023, 16:47
1067
Бөлісу:
40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды
Фото: polisia.kz

Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды “Нелегал” іс-шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бөлімнің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған. 

Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. 

ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Өзгелердің жаңалығы