4 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

4 Сәуір 2023, 08:22
907
Бөлісу:
4 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: kyzylorda-news.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің басым аумағына әлі де антициклон жотасы әсер етеді. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, оңтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша оңтүстік–шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында жел тұрып, екпіні 30 м/с болады, кей аймақтарды одан да күшті болуы мүмкін.

Түнде Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында 1-6 градус аяз сақталады.

Өзгелердің жаңалығы