4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

4 Қыркүйек 2023, 08:28
651
Бөлісу:
4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» ел аумағында 4 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ күтіледі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман болады.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады, - деп жазды синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы