4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 12 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 inform.kz 12 Ақпан 2023 2023, 09:38
12 Ақпан 2023 2023, 09:38
1191
Фото: inform.kz

Қазгидромет 12 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Наверх