4 наурызға арналған ауа райы болжамы

4 Наурыз 2020, 08:03
1182
Бөлісу:
4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 4 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыста кей жерлерде қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. 

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. 

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Ақтөбе облысында күндіз көктайғақ болады.


Өзгелердің жаңалығы