4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел құрықталды

30 Маусым 2023, 22:11
616
Бөлісу:
4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел құрықталды
Фото: Архив BAQ.KZ

Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ мәліметінше, оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады. Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді. Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады, - деп жазды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы