4 күнде Арменияның 20 көлігі есепке алынды

5 Маусым 2020, 07:24
1587
Бөлісу:
4 күнде Арменияның 20 көлігі есепке алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсетудің 4 орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт күнде 20 көлік тіркелді. Көлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері 14 аймақпен А әрпінің белгісі бар сары түсте берілді.

Осы тіркеумен автокөлік иелері Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады, жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлей алады.

Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша облыс тұрғындары анықтаманы Павлодар облысы ПД қызметкерлерінен Call-орталығының: 33-38-06 телефоны арқылы ала алады.

Өзгелердің жаңалығы