"4 ауданға қауіп төніп тұр": БҚО әкімдігі су тасқыны туралы

12 Сәуір 2024, 15:37
1155
Бөлісу:
"4 ауданға қауіп төніп тұр": БҚО әкімдігі су тасқыны туралы
Фото: скрин

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ержан Тәткен жеткізді.

Жағдай туралы айта кетсем, жағдай күрделі. Себебі Ресейдің Орынбор облысынан келетін су көздерінен Жайық өзеніне секундына 3 мыңнан астам текше метр көлемінде су келіп жатыр. Бұл өз кезегінде облысымыздың төрт ауданына қауіп төндіріп тұр, - деді ол.

Сондай-ақ Орал қаласының Жайық өзенінің бойындағы аумақтарды су басу қаупі бар.

Мамандардың мәліметінше, Жайық өзеніндегі су деңгейі 890-нан 930 сантиметрге дейін көтеріледі. Қауіпті деңгей – 850 сантиметр. Орал қаласында су деңгейі соңғы тәулікте 8 сантиметрге көтеріліп, 736 сантиметр болды. Судың көбею қарқыны жылдам, - деді баспасөз хатшысы.

Су тасқыны салдарынан облыстағы 9 елді мекенмен жол қатынасы уақытша жоқ екенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы