Алматылықтар #3жаңаәдет челленджіне қолдау көрсетті

23 Шілде 2020, 16:49
1852
Бөлісу:
Алматылықтар  #3жаңаәдет челленджіне қолдау көрсетті
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы халық пен бизнес арасында санитарлық нормаларды кеңінен насихаттауға бағытталған #3жаңаәдет челлендж эстафетасын қабылдады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов қала тұрғындары мен қонақтарын жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және қолды антисептикалық құралдармен жиі жууға және өңдеу түрінде санитарлық талаптарды ұстануға шақырды. 

Оның айтуынша, індетке қарсы профилактикалық шараларды әдетке айналдыруымыз қажет, себебі осындай қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда ғана қалыпты өмірге ораламыз. 

Бизнес қоғамның белсенді бөлігі ретінде шетте қалмауы керек. Кәсіпкерлер үш қарапайым әдеттің қолдаушысы, амбассадоры болуы қажет. Бұл әдеттер өмірдің тұрақты нормасына айналуы керек, - деді Әбілшайықов.

Мегаполистегі Кәсіпкерлер палатасының басшысы челленджді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаевқа және өзінің орынбасарлары Айтуар Қошмамбетов пен Әлібек Әшметовке жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір қазақстандық үшін әдетке айналатын үш қарапайым тәсіл:

Бірінші ереже - бетперде мен қолғап кию,
Екінші ереже - 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау,
Үшінші ереже - қолды жиі жуу және өңдеу.

Өзгелердің жаңалығы