$39,7 млрд. 4 айда сыртқы сауда айналымы 50%-ға жуық өсті  

14 Маусым 2022, 10:35
1984
Бөлісу:
$39,7 млрд. 4 айда сыртқы сауда айналымы 50%-ға жуық өсті   

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. 

Биыл қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 40,8%-ға өсіп, 39,7 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде, экспорт бойынша көрсеткіш шамамен 60%-ға өсіп, 26,5 млрд АҚШ долларына дейін жеттіБұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 32%-ға артып, 7,3 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Тауарлар импорты 13,2 млрд  доллар болды, - деп атап өтті министр. 

Оның айтуынша, жалпы, оң сауда балансы жақсарып, 13,2 млрд АҚШ долларына дейін өскен. 

Өңдеу өнеркәсібінде жоғары өсу қарқыны сақталуда. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. 16 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ ҚостанайАтырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 22,8%-ға, компьютер, электронды және оптика құралдар жасаудың – 17,3%-ға, құрылыс материалдары – 5,2%-ға, сусындар – 18,3%-ға, пластмасса бұйымдары – 11,4%-ға, дайын металл бұйымдары – 10,2%-ға, фармацевтика өнімдері – 4,7%-ға, киім өндірісінің – 9,9%-ға өсуі қамтамасыз етілді, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,3%-ға ұлғайды.

Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 18,9%-ды, газ өндіруде – 6,3%-ды, шикі мұнай өндіруде – 4,7%-ды, көмір өндіруде – 2,2%-ды, металл кендерін өндіруде – 1,9%-ды, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 0,2% болды. Қаралып отырған кезеңде құрылыс секторының өсу қарқыны жеделтеп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ға өсті. Көрсеткіштің оң өсімі 15 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Ақмола және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр, - дейді Әлібек Қуантыров. 

Белгілі болғандай, биыл қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 3,4%-ға өсіп, 4,7 млн  шаршы метр.

Оң динамика 13 өңір бойынша тіркелген. Олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ ТүркістанАлматы және Қызылорда облыстарында байқалған. 

Өзгелердің жаңалығы