+ 38 градус. Алматы облысында ескерту жасалды

4 Шілде 2022, 10:50
1700
Бөлісу:
+ 38 градус. Алматы облысында ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 3 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 4 шілде күні Алматы облысында 35-38 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. 

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД ескерту жасап, тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. 

Күн қатты ысып кетсе дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты ыстық кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады,-делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД-сы сондай-ақ  азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Өзгелердің жаңалығы