Қазақстанның соңғы жаңалықтары

36,8 млрд доллар: Қазақстанда тауарлар экспорты артты

13 Тамыз 2025, 14:43
548
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанда жарты жыл ішінде тауарлар экспорты едәуір артты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаңтар-маусымдағы сыртқы сауда айналымы 66 млрд долларды құрады. Экспорт 36,8 млрд долларға жетті. Оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – 12,8 млрд долларды құрады, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол тауарлар импортына да тоқталды.

Тауарлар импорты 29,1 млрд доллар. Оң сауда балансы сақталуда - 7,7 млрд долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті. Өсуге металл бұйымдарының өндірісі мен машина жасауда 14%-ға, тамақ өнімдерінде 9,2%-ға, мұнай өңдеуде 8,6%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінде 6%-ға ұлғаю есебінен қол жеткізілді, - деді Серік Жұманғарин.

Айтуынша, тау-кен өнеркәсібінде де өсім бар.

Тау-кен өнеркәсібі жоғары өсу қарқынын сақтап келеді: плюс 8,5%. Бұл мұнай өндірудің 11,9%-ға, газ өндірудің 14,3%-ға және көмірдің 10,6%-ға артуымен байланысты, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы