3,5 млн қорап темекіні заңсыз өткізуге тырысқандар ұсталды

28 Наурыз 2024, 13:09
262
Бөлісу:
3,5 млн қорап темекіні заңсыз өткізуге тырысқандар ұсталды
Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Заңсыз жүк 2024 жылғы 23 наурызда Қазақстан-Қырғызстан шекарасында анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жазды.

«Айша бибі» өткізу пунктінде тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен 4 ауыр жүк көлігі ұсталды.

Тауарға ілеспе құжаттардың мәліметтері бойынша автокөліктер Қырғызстаннан Түркияға транзитпен өтіп, бұршақ тасымалдаған.

Тексеру барысында 3,5 млн астам қорап темекі (Milano, Cavallo, Platinum, Taj) анықталды. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

МКК өңірде наурыз айында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірлескен жедел-алдын алу іс-шаралары өткенін хабарлады.

5 наурызда Қырғызстаннан жолаушыларсыз келе жатқан үш жолаушы автобусының бірлескен тексерулерінің нәтижесінде олардың жүк бөлімдерінде 8 мыңнан астам халық тұтынатын тауарлар: киім, сантехника, шлангілер, шай, бет маскалары, аяқ киім сөмкелері, рюкзактар табылды. Барлық тауарлар ілеспе құжаттарсыз болды, - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

10 наурызда Қырғызстаннан келе жатқан жолаушылар автобусының бензин багында акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдарынсыз 12 700 қорап «Oris» темекісі табылды. 11 наурызда Қырғызстаннан темекіні заңсыз әкелуге әрекет жасау фактісі анықталды. Сондай-ақ, екі жеңіл автокөліктің бензин бактарынан 2 500 қорап «Oris» темекісі табылды (әр көлікте 1 250 қорап). Темекіні заңсыз әкелу фактілері бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сот органдарына жіберілді.

МКК ҰҚК Шекара қызметімен Қазақстан-Қырғыз шекарасында тауарлардың заңсыз өткізілуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы