32 мыңдай адам өз үйлеріне оралды – ТЖМ

25 Сәуір 2024, 16:14
231
Бөлісу:
32 мыңдай адам өз үйлеріне оралды – ТЖМ
Фото: ОКҚ

Республика бойынша 31 416 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамы және ТЖМ Қарағанды қаласы 52859 әскери бөлімінен құрылған жиынтық топтардың көмекке келген күштері мен құралдары Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жетіп, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуге кірісті,- деді ол.

Республика бойынша 31 416 адам өз үйлеріне оралып, 8 532 адам эвакуациялау пункттерінде екенін мәлімдеді спикер.

5,6 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Жедел желі телефонына 2 222 қоңырау түсті.Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға37 мыңнан астам адам, 5 мың техника, 943 су сору құралы, 327 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы