31 желтоқсанға арналған ауа айы болжамы

31 Желтоқсан 2019, 08:33
2028
Бөлісу:
31 желтоқсанға арналған ауа айы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсанның 31-і күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

31 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстікте қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Сондай-ақ, жел секундына 15-20 жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 25 м/с болады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз бірқатар аумақта жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.



 



 

 

Өзгелердің жаңалығы